Әлемнің көптеген елдерінде мұсылмандар Құрбан айт мерекесін карантиндік шараларға сәйкес атап өтуде.
Германияда тұратын мұсылмандар Құрбан айт намазын оқу үшін ел астанасы Берлиндегі Мевлана мен Шейіт мешіттеріне ағылды.
Мешіттегі мұсылмандар айт намазына маска тағып, арақашықтық сақтап тұрады.
Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және мүфтилер кеңесінің президенті Равиль Гайнутдин мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Кейін діни қызметкерлерден тұратын жамағат айт намазын эпидемиялық ережелерге сәйкес оқыды. Құрбан айт намазы мен уағыз онлайн режимде тікелей эфирде көрсетілді.
Ресейде Covid-19 эпидемиясының ушығуына байланысты билік мұсылмандарға мерекені үйде қарсы алуға кеңес берді.
Әзербайжан. Бакуде айт намазын ең үлкен мешіттердің бірі Эдждер-Бей мешітінде оқыды. Мешітке келген адамдар маска киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтады.
Намаздан кейін елдің тыныштығы мен өркендеуі үшін ислам әлеміндегі қиындықтардың аяқталуына дұғалар оқылып Қарабах соғысының шейіттері де ұмытылмады.
Ауғанстан. Күн сайын адам өлімі тіркелетін Ауғанстанда айт намазы үшін халық мешіттерге және ел астанасы Кабулға ағылды.
Ауған халқы айт намазынан кейін құрбандыққа шалынатын мал союды бастап кетті.
Пікір қалдыру