Түркиядағы орман өртіне жауапкершілікті Түркияда террорлық деп танылған "Күрдістан жұмыс партиясы" ұйымы мойнына алды, деп хабарлады түркиялық Yeni safak басылымы.
Террорлық ұйым өкілдері бұл туралы әлеуметтік желіде жариялаған. Олар өздерінің бұл әрекетін жергілікті билікке қарсы жасалған іс деп мәлімдеді. Қазір өртке байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Тәртіп сақшылары Манавгат қаласында өртке қатысы бар делінген күдіктіні қолға түсірген болатын. Алайда оның террорлық ұйыммен байланысы бар жоғы әлі анықталған жоқ.
Түркияда өткен айдың соңында басталған тілсіз жаудан 8 адам мерт болып, 400-ден астам тұрғын жарақат алды. Курортта демалып жатқан туристер қаупсіз аймаққа көшірілді.
31 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы алапат өртке байланысты Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдар, түрік еліне гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.
Пікір қалдыру