Босқындар арасында қазақтар да бар

/uploads/thumbnail/20170708194805912_small.JPG

Босқын қазақ. Әлем бойынша жер көлемі жағынан тоғызыншы орында тұратын ұлттан босқын шығады деп кім ойлаған?  Бірнеше ұлттың басын біріктіріп, ынтымақ жайлы төрелік айта алатын ұлттың өз өкілі босқындар санатында жүруі-сүйегімізге түскен таңба секілді. Біздің мемлекеттен азаматтық ала алмай, артқа қайтайын десе, қара орман халық соның әрекетіне жәудіреп қарап отырған босқын деген құжаты бар қазақтың тағдыры жан түршігерлік. Әлеуметтік желілерде оған көмек қолын созғысы келетін бауырларымыз табылып жатты. Бірақ оның арманы-қазақстандық азамат атану. Ақыры босқын қабылдауға  сақадай сай екенбіз, онда өз ұлтымызды қабылдайық. От пен оқтың ортасында Батысқа бір топ қазақ босып бара жатса, біз мында Тәуелсіздік туралы одамызды айтып отыра береміз бе? Әлем алдында өз мүддемізді бүтіндей алмасақ, сол босқын бауырларымыздың кейпін кимесімізге кім кепілідік бере алады.

Айнұр Төлеу

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар