Байденнің кезекті жеңісі. Трамп пен Ресей билігі өтірікті қарша боратып отыр

/image/2021/09/01/crop-8_11_487x866_ap_18358863333395-pic905-895x505-14860.jpg

Тәліптермен кездесіп, АҚШ әскерін шығарып әкеткенше оларға шабуыл жасамау туралы алғаш келісімге келген АҚШ-тың экс-президенті Трамптың өзі. Тәліптер осы кезге шейін бұл шартты орындады, Ауғанстандағы 15 мыңнан аса әскери сол Трамптың президент кезінде-ақ шығарып әкетілді. Қалған әскерилерді де өзінің президенттік мерзімі аяқталғанша шығарып әкетуге бұйрық берген, алайда оған үлгере алмай қалыпты.

Тағы бір жағдай – АҚШ әскерилеріне көмектескен ауған азаматтарының арыздарын қабылдау 2020 жылдың ақпан айында тоқтатылыпты. Трамп әкімшілігінен арыздарды қабылдауға тыйым салынған. Ол персоналдар әскери базалардағы аудармашылар, хатшылар, күзетшілер, қоймашылар, еден жуушылар, тағы басқа да ақша тауып отбасын асырап жүрген қарапайым ауған азаматтары. Солардың арыздары Трамп кезінде бір жыл бойы қараусыз қалған.

Байден келісімен осы жұмысты жандандырып, ауған азаматтарының арыздарын қарай бастаған. Ол жұмыс Байден келгеннен бастап күні бүгінге шейін толастамаған. Арызды қарау да оңай емес, кемі 4-5 ай керек, себебі АҚШ-қа эвакуацияланғандар арасына террористер еніп кетпеуі керек. Жан-жақты тексеру уақыт алатыны аян. Сондықтан да Байден тәліптермен келісе отырып эвакуациялауды 31 тамызға дейін ұзартты, алайда 20 жыл бойы АҚШ-қа көмектескен ауғандар саны тым көп. Соған қарамастан 100 мыңның үстінде ауған азаматы АҚШ-қа әкетіліп үлгерілді.

Бұл – аса ауқымды жұмыс. Азғантай уақыт аралығында соншама адамды тасып әкету бұрын-соңды болмаған операция. Енді осындай кезде РФ мен Трамп не істеп отырғанын қараңыз. Олар осы сәтті пайдаланып Байденді барынша қаралауға тырысып қалуда. Егер Трамп екінші кезеңге сайланған болса, онда соншама ауғандық азаматтар Ауғанстанда қалып кетер еді де, оларды тәліптер қырып салар еді. Трамптың ауғандықтардың арыздарын бір жыл бойы қарамауы соның жеткілікті дәлелі. Оған Трамптың арсыздығы жететін еді, себебі алдында да АҚШ-қа көмектескен күрдтерді айдалаға тастап кеткен еді. Жүз мыңнан аса ауғандықтың бағына орай, билікке Байден келіп олар бір ажалдан қалды.

Ал Ресейдің жағдайы айтпаса да түсінікті, Байден келгелі санкциялар сериясы қайта басталды. Сондықтан олар Байденді тұқыртуға барынша тырысады.

РФ мен республикашылдар өтірікті қарша боратудан да тайынар емес. Кезінде Геббельс өтірік неғұрлым ауқымды, көп болса соғұрлым нанымды болады депті, бұлардың тактикасы соған ұқсайды. Мысалы, АҚШ Ауғанстанда екі трлн қаржы жұмсады, млрд-таған қару-жарақтарын тастап кетті деген ақпараттар толып жүр. Мұның бәрі де фейк хабарлар.

Шындық мынада, америкалықтар барлық әкетуге тиісті қару-жарақ, оқ-дәрілерін маңайдағы базаларына тасып әкеткен, ал қалғандарын істен шығарып кетіпті. Барлық ПВО, ұшақ, тікұшақтарының программалық чиптерін өздерімен ала кеткен. Ондай қарулар атылмайды да, ұша да алмайды. Олар біз ойлағандай ақымақ емес, ауған армиясының қолынан түк те келмейтінін сезген.

Қуаныш Еділхантегі

Халықаралық шолушы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар