"Талибан" радикалдық қозғалысының өкілдері 7 қыркүйекте Кабулда наразылыққа шыққан жергілікті халыққа оқ жаудырды, деп хабарлады Известия ақпарат агенттігі.
Видеода тәліптер шерушілерді тарату үшін аспанға бірнеше рет оқ атқаны көрінеді. Бейресми ақпараттарға қарағанда, наразылыққа шыққан халықты ұстап әкеткен.
Бұған дейін "Талибан" қозғалысының өкілдері Ауғанстан аумағында әуеге оқ атуға тыйым салған болатын. Наразылыққа шыққан ауғандықтар пәкістандықтарға қарсы ұрандар айтып, олар Ауғанстанның ішкі істеріне араласады деп айыптайды.
Ауғанстандағы жағдай 2021 жылдың мамырында америкалық әскерлерді шығару басталғаннан кейін шиеленісе түсті. Талибан өкілдері елдің ірі қалаларына шабуыл бастап, 15 тамызда Кабулға кіріп, соғыстың аяқталғанын хабарлады.
Пікір қалдыру