Ауғанстанда уақытша үкімет құрылды

/image/2021/09/08/crop-41_32_1056x1876_49bc7527-908f-46da-9c88-437b7fe8ce2b.jpeg

Талибан Ауғанстанда уақытша үкімет құрды, деп хабарлады РИА Новости ақпарат агенттігі.

Ауғанстан үкіметінің басшысы болып Мохаммад Хасан Ахунд тағайындалды. Талибан құрылған үкіметтің бұл құрамы уақытша екенін мәлім етті.

Талибан үкіметінің негізгі лауазымдары төмендегідей:

• Сыртқы істер министрі – Әмір Хан Мутаки.

• Қорғаныс министрі – тәліптер көшбасшысының орынбасары Якуб молла.

• Ішкі істер министрі – Сараджуддин (Халифа) Хаккани.

• Босқындар істері министрі – Халил Хаккани.

• Барлау бастығы – Абдул Хак Васик.

• Экономика министрі – Мохаммад Ханиф.

• Қаржы министрі – Хедаятулла Бадри.

• Орталық банк басшысы – Мұхаммед Ыдырыс.

Сондай-ақ тәліптер саяси кеңсесінің басшысы Барадар Молла премьер-министр орынбасары болды.

"Талибан" қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахунзаданың айтуынша, Ауғанстанда жаңа үкімет тағайындалғаннан кейін шариғат нормалары жұмыс істейтін болады. Ол сондай-ақ ел ислам заңдары мен ұлттық құндылықтарға қайшы келмейтін барлық халықаралық келісімдерді орындауға міндеттеме алатынын қосты.

Тамыз айында америкалық сарбаздар Ауғанстаннан шығарылып жатқанда тәліптер барлық ірі қалалар мен шекара бекеттерін басып алып, 20 жылдық соғыстың аяқталғанын жариялады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар