"Ковид-19 вакциналары туралы жалған ақпарат таратқандар – қылмыскерлер". "Pfizer" бас директоры

/image/2021/11/10/crop-3_3_235x394_618ad02eb1317.image.jpg

"Pfizer" бас директоры Альберт Бурла Ковид-19 вакциналары туралы жалған ақпарат таратқандарды "қылмыскерлер" деп атады.

"Олар жаман адамдар емес. Олар қылмыскерлер, өйткені олар миллиондаған адамдардың өмірін қиды" деді Бурла Atlantic Council талдау орталығына.

Оның айтуынша, "өте шағын" адамдар тобы коронавирусқа қарсы вакциналар туралы жалған ақпарат таратып жатыр.

"Кейбіреулер адамдардың эмоцияларымен ойнау арқылы ақша тапқысы келеді... олар халықты қорқыту арқылы пайда және табыс табу үшін осы қастандық теориясын жасайды" деді ол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар