Ресейдің жасандысерікке қарсы зымыранды сынауы қатаң түрде айыпталды

/image/2021/11/16/crop-12_9_489x733_screen-shot-2021-11-16-at-12.30.48-pm.png

АҚШ Ресейді Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) қауіп төндірген "қауіпті және жауапсыз" зымыран сынағы үшін айыптады.

Сынақта Ресей жеке спутниктерінің бірін жарып жіберген. Салдарынан ХҒС экипажы капсулаларды паналауға мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта станция бортында жеті экипаж мүшесі бар: олардың төртеуі америкалық, біреуі неміс және екеуі ресейлік.

Ғарыш станциясы шамамен жер бетінен 420 км биіктікте Жершарын айналады.

"Бүгін Ресей Федерациясы жерсеріктерге тікелей соққы беретін зымыран сынағын жүргізді. Сынақ 1500-ден астам бақыланатын орбиталық қоқыс пен жүздеген мың дана кішігірім орбиталық қоқыстарды түзді. Олар қазір барлық елдердің мүдделеріне қауіп төндіреді" деді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс брифингте.

NASA әкімшісі Билл Нельсон бұл оқиғаға ашулы екенін айтты.

– Ресей ХҒС-тағы америкалық және халықаралық серіктес ғарышкерлерге ғана емес, сонымен бірге өздерінің ғарышкерлеріне, сондай-ақ Қытайдың ғарыш станциясындағы қытайлық "тайконавттарға" қауіп төндіруі мүмкін, – деді Нельсон мәлімдемеде.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар