«ЕДІГЕ ДЕГЕН ЕР ЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫРШЫЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

/image/2021/12/01/crop-179_11_696x928_0d7434d7325d90c5196fbff269092e72_1280x720.jpg

Ақтөбеде облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ұлт өнерін ұлықтау жолындағы «Едіге деген ер екен» атты республикалық жыршылар байқауы басталды. Оған Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 18 үміткер қатысуда.

Байқауды ерекше өнерімен әлемді мойындатқан «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі "Ұлы Тұран - мәңгілік", "Қара жорға"  композицияларымен ашты. Өнер додасында қазылар алқасына Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік, мәдени қызмет көрсету орталығының маманы, жыршы-жырау Елдос Еміл төрағалық етті.

Құрамында Қырғызстан Республикасының манасшысы, Манас Ордо Ұлттық комплексінің ғылыми қызметкері Камил Мамадалиев, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі, музыкант-мультиаспапшы Серік Нұрмолдаев, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, жырау, «Ер Едіге» жыр мектебінің ұстазы Әділбек Сарин сынды қазылар алқасы жыршылардың орындаушылық шеберлігіне, сахна мәдениеті мен жырдың сырын көрерменге жеткізе білу, кәсіби деңгейлеріне қарап баға береді.

Байқау талабына сай алғашқы кезеңде қатысушылар Батақтың Сарысы, Шернияз Жарылғасұлы, Ақтан Керейұлы, Әбубәкір Кердері, Нұрпейіс Байғаниндей әнші-жыраулар мен халық композиторларының шығармаларын орындаса, ал екінші кезеңде «Едіге» жырынан үзінді (Ш.Уәлиханов, Мұрын жырау, Нұртуған нұсқалары) жырлап, еркін тақырыпта да өнер көрсетеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар