АҚТӨБЕДЕ «ЕДІГЕ ДЕГЕН ЕР ЕКЕН» ЖЫРШЫЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

/image/2021/12/01/crop-156_12_695x927_fd1ce396987b3b033e8edf30fc12ed49_1280x720.jpg

13-14 қазан күндері Ақтөбеде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткен «Едіге деген ер екен» атты республикалық жыршылар байқауы өз мәресіне жетті. Жыршылар байқауына еліміздің әр өңірінен 17 жыршы қатысты.

Өнер додасын жыршы-жырау, Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік, мәдени қызмет көрсету орталығының маманы Елдос Еміл төрағалық еткен қазылар алқасы саралады.

Бағзы өнерді ұлықтау жолындағы екі күнге созылған байқауда жеңімпаздар анықталып, қатысушыларға диплом, «Ер Едіге - Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық антологиясы, арнайы «Едіге» қоғамдық қорының «Едіге» төсбелгісі табысталды.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге маңғыстаулық Сәрсенбай РАХМАНБЕРДИЕВ лайықты деп танылды. Жеңімпазға 700 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Бірінші орын мен 500 мың теңгенің жүлдесі Бердібай ТОЙГУЛЫЕВКЕ бұйырды (Ақтөбе облысы). Екінші орын жүлдегерлері Фархад ОРАЗОВ (Батыс Қазақстан облысы) пен Жеңіс ЕЛЕМЕСОВ (Ақтөбе облысы) атанды. Әрқайсысы 350 мың теңгеге ие болды. Үшінші жүлдені Манаш ӘДІЛБАЕВ (Маңғыстау облысы), Нұрайым ЕРТАЛАПҚЫЗЫ (Нұр-Сұлтан қ.) және Самал МЕДЕУБАЕВА (Ақтөбе облысы) өзара бөлісті.

Олардың әрқайсысына 250 мың теңгенің сертификаттары берілді.
Сондай-ақ «Ер Едіге" атындағы арнайы жүлде мен 350 мың теңгені Аманкелді СӘҢКІБАЕВ (Маңғыстау облысы), "Ақтөбе облысы әкімінің" арнайы жүлдесі мен 150 мың теңгені Абдуррахман Естайұлы (Нұр-Сұлтан қ.), "Жас жыршы» жүлдесі мен 150 мың теңге Ғани Қайроллаевқа бұйырды (Ақтөбе облысы).

Жыршылар байқауын Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар