Қытайлық "Юту 2" ай ровері Айдың арғы жағындағы "жұмбақ зат" деп сипатталған текше тәрізді нысанды зерттеуге бара жатыр.
–"Юту 2" миссиясының командасы ровер түсірген бірқатар фотосуреттерді зерттегеннен кейін нысанды байқады, – деп хабарлады Қытайдың ғарыш бағдарламасына қатысы бар "Our Space" ғылыми ақпарат тарату құралы.
Жарияланған мәлімет бойынша, Ай кратерінің жанындағы жұмбақ зат "Юту 2"-ден шамамен 80 метр алыста.
"Бұл нәрсе шынымен қызықты. Біз оны зерттеу үшін қасына баруымыз керек" деді миссия тобының ғалымдары.
Ровер нысанаға жетуі үшін бірнеше ай қажет. Өйткені Айда Жердің уақытымен 14 күн күндіз, 14 күн түн болады. Күндіз ғана қозғалатын ровер күніне бір метрден аз аралыққа ғана жылжи алады.
Пікір қалдыру