Қытай: Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялағандар құн төлейді

/image/2021/12/10/crop-9_11_727x977_2021-12-09t055727z_512401171_rc2tar9jv412_rtrmadp_3_olympics-2022.jpeg

Қытай ақпан айында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Австралия, Ұлыбритания және АҚШ дипломатиялық бойкот жариялауы "қате әрекет" болғанын, сол үшін "құн төлейтінін" мәлімдеді.

– Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Австралия Олимпиада платформасын саяси айла-шарғы жасау үшін пайдаланды. Олар қате әрекеттерінің құнын төлеуге мәжбүр болады, – деді Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэнбин.

Қытайдың ескертуі  Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялаған батыс елдерінің саны көбейіп жатқан кезде жасалды. 

Қазірге дейін АҚШ, Австралия, Ұлыбритания және Канада Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына өз министрлерін жібермейтінін мәлімдеді

АҚШ президенті Джо Байден алдыңғы айда Қытайда өтетін спорт ойындарына бойкот жариялау жоспары бар екенін мәлімдеген. Кейінірек АҚШ Бейжің Олимипиадасына бойкот жариялаған алғашқы ел атанды.

Вашингтонның бұл әрекетінен көп өтпей Бейжің АҚШ-ты айыптады.

Халықаралық ұйымдар және көптеген демократиялық елдер Қытайды "Шыңжаң автономиясында тұратын ұйғыр, қазақ сияқты мұсылман азшылықтарына геноцид жасады" деп айыптайды.

Сонымен қатар, Бейжіңнің Гонконгтағы саяси бостандықтарды басып-жаншу әрекетіне қатысты да шиеленіс күшейе түсті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар