АҚШ-тағы торнадо. Зардап шеккендердің жақындары Amazon компаниясын сынға алды

/image/2021/12/14/crop-3_6_532x962__122080655_gettyimages-1237190053.jpeg

АҚШ-та болған торнадо Кентукки және оған көршілес штаттарды шарпыды. Иллинойс штатында торнадо ғимараттарды қиратқан. Иллинойстағы бір қоймада алты жұмысшы қаза тапқан соң, Amazon компаниясын денсаулық пен қауіпсіздік саясатына қатысты айыптап жатыр.

"Егер олар өнімділіктен гөрі өмірді ойласа, бұл (адам қазасы - ред) ешқашан болмас еді" деп түсіндірді зардап шеккендердің бірінің әпкесі әлеуметтік желіде.

Компанияның мәліметінше, Amazon командасы торнадо кезінде жұмыс істеген.

Адамдар болған қойма шатыры соққан дауыл салдарынан опырылып түскен.

Amazon өкілі Келли Нантел мәлімдемесінде компания қазаға байланысты "қатты қайғыратынын" айтты.

Қайтыс болғандардың бірі, 29 жастағы Клэйтон Коуп, Иллинойс штатының Эдвардсвилл қаласында алапат құйын ғимаратқа келгенге дейін отбасымен телефон арқылы сөйлескен.

Клейтонның анасы Карла ұлына торнадо жақындағанын ескерту үшін қоңырау шалғанын айтты.

"Біз оған дауыл сол жаққа қарай бет алғанын, тез жасырыну керектігін айттық" дейді Карла.

АҚШ әскери-теңіз күштерінде дайындықтан өткен Клейтон анасына алдымен әріптестеріне ескертетінін айтқан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар