66 миллион жыл сақталған динозавр эмбрионы табылды

/image/2021/12/23/crop-13_11_519x951__122358564_dino2.jpeg

Ғалымдар кем дегенде 66 миллион жыл бұрынғы динозавр эмбрионын тапқанын хабарлады.

Бұл қазба Қытайдың оңтүстігіндегі Ганчжоу қаласында табылған. Зерттеушілер оның тіссіз теропод динозаврына немесе овирапторозаврға тиесілі екенін айтады.

Овирапторозаврлар – соңғы бор кезеңінде яғни 100 - 66 млн жыл бұрын қазіргі Азия мен Солтүстік Америкада өмір сүрген қауырсынды динозаврлар.

"Бұл тарихта табылған ең жақсы сақталған динозавр эмбриондарының бірі" деді Бирмингем университетінің зерттеушісі әрі, "iScience" журналындағы ғылыми мақаланың авторы Фион Вайсум Ма.

Жаңалық зерттеушілерге динозаврлар мен қазіргі құстар арасындағы байланысты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар