Балаларға арналған медициналық көмектер қоймаларда үйіліп, мұқтаждарға жетпей жатыр – ЮНИСЕФ

/image/2022/03/11/crop-10_9_396x604_712ec984-0576-4cfb-a2ef-ff9060a6a30e.jpeg
 
Украинадағы гуманитарлық қызметкерлер өте мұқтаж балаларға жетуге тырысып жатқанымен, үлкен қиындықтармен бетпе-бет келуде.
 
Елдің батысындағы Львов қаласынан сөйлеген ЮНИСЕФ өкілі Мұрат Шахин суықта аурухана жертөлесінде дүниеге келген сәбилерді көрудің өзі жүрек сыздатарлық жағдай екенін айтты. Балалар жылусыз және электр жарығы жоқ үйлерде тығылып отыр.
 
"ЮНИСЕФ-тің Украинадағы 20 мың дәрігері мен медбикесі минут сайын жүздеген қоңырау мен хабарлама алып отыр" дейді ол.
 
Оның командасы Киев пен Мариуполь портынан керек-жарақтар мен қажетті медициналық қобдишаларды алуға тырысқан, бірақ ол жаққа жете алмаған.
 
"Біз әйелдер мен балалар қауіпсіз жерге шығуы үшін атысты тоқтатуға шақырдық әрі біз барлық тәуекелге барамыз, бірақ қоймаларда материалдар үйіліп, мұқтаждарға жетпей жатыр" дейді ол.
 
"Украинада гуманитарлық қызметкерлер мен балалар үшін қауіпсіздік жоқ" дейді ол.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар