Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәжілістің жалпы отырысында кеше үкімет зейнетақы мен жәрдемақыларға индексация жасау бойынша шешім қабылдағанын мәлім етті.
– Инфляция дәлісінің 8-10 пайызға дейін жоғырылауына байланысты зейнетақы мен жәрдемақыларды 4 пайызға индексациялау жоспарланып отыр. Бұл 2021 жылға қарағанда әлеуметтік төлемдердің өсімін 9 пайызға, зейнетақының 11 пайызға артуын қамтамасыз етеді. Өсім әлеуметтік төлем алатын 4 миллион 200 мың адамды қамтиды. Аталған мақсатқа бюджеттен қосымша 111 миллиард қаржы бөлу қарастырылып отыр, – деді ол.
Әдетте индексация жылдың басында үкімет бекіткен қымбатшылық деңгейіне шамалас дейгейде жасалатын. Биыл өсім 5 пайызды құраған. Қосымша индексация маусым-шілде айында жасалады деп күтіліп отыр.
Пікір қалдыру