Киев мэрі Виталий Кличко қалаға камикадзе пилотсыз ұшақтарымен шабуыл жасалғанын хабарлады.
"Қаланың орталығы Шевченко ауданында жарылыс болды. Барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Әуе шабуылы жалғасып жатыр. Қауіпсіз аймақта болыңыздар", - деп жазды қала мэрі Telegram каналда.
Кличко әуеден келген шабуылдарға қорғаныс шараларын күшейту керегін айтты.
"Бізге әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қажет. Біздің баяу әрекеттерге уақытымыз жоқ. Аспанды қорғау және жауды жою үшін қару керек", - деді Кличко.
Киев әскери әкімшілігінің хабарлауынша, Ресей қаладағы маңызды инфрақұрылымға шабуыл жасауды жалғастыруда.
Пікір қалдыру