Бүгін таңертең Ресей тағы да Украина қалаларына шабуыл жасады. Укриана Киев, Днепр, Харьков пен Житомир қалаларында жарылыс болғанын хабарлады.
Бұдан бөлек Украинаның Одесса, Кировоград, Черкассы, Полтава, Днепр, Николаев және Чернигов облыстарында әуе дабылы жарияланды.
Киев мэрі Виталий Кличко таңертең қалада жарылыс болғанын айтты. Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Кирилл Тимошенко Киевтегі электрмен жабдықтау нысандарына 3 рет шабуыл жасалғанын растады.
Бір аптадан бері Ресей әскерлері Украинадағы энергетикалық нысандарға шабуыл жасауда. Ең ауқымды шабуыл 10 қазанда болған.
Пікір қалдыру