"Атамекен" сараптама қызметі Қазақстандағы кедейлік шегі туралы ресми статистика халықаралық стандарттан 4 есеге кем екеніне назар аударды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (46 671 теңге) аз (кедейшілік шегі) азаматтар 5,3 пайызды (1 034 700 адам) құраған.
Тұрмысы төмен азаматтар әсіресе Түркістан (9,1%), Маңғыстау (8,8%) облыстарында, Шымкент қаласында (7,2%) тұрады.
Алайда Бүкіләлемдік банк мамандары 2020-2022 жылдар аралығында жүргізген сауалнама нәтижесінде халықтың 23 пайызы өзін кедей категориясына жатқызатыны белгілі болған. Бүкіләлемдік банк Қазақстан үкіметін шынайы жағдайды дәл көрсету үшін кедейлік шегін анықтау тәсілін өзгертуді ұсынады.
Мұндай ұсынысты отандық сарапшылар да айтып келеді. Қаржыгер Жасұлан Кушебаевтың айтуынша, кедейлікті анықтаудағы Қазақстан қолданатын тәсіл кедейлік шегін төмендетіп көрсетеді, халықаралық стандартқа сай келмейді.
Пікір қалдыру