Келешектен ұялсаңдаршы

/uploads/thumbnail/20170708200056386_small.jpg

Біреуің қызбен жүргеніңді, гуляйт салғаныңды, мықыныңнан ұстағаныңды жазып жүрсің, енді бірің не анда, не мында жоқ, қояннан көз жазып қалған тазыдай, арсалаңдап жүрсің. Тағы біреуің көрінгенге «Жалпақшеше» көрінгелі түлкіше құйрығыңды бұлаңдатып жүрсің. Енді біріңнің орысты қазаққа, қазақты орысқа шағыстырып сенім алмақ, ақын аталмақ ойың бар. Тағы біреуің ойын жасырып, бойын жасырып, жат елдің жазушыларын аударып талшық етудесің. Сендерде мұрат бар ма? Бақыт бар ма? Жүрек бар ма? Бүгін - идеалист, ертең - материалист, бүгін - реалист, ертең - символист, бүрсігүні - футурист, тағы бірдеме «ист», әйтпесе әрқайсысынан бір шөкім. Ақындықты, жазушылықты сауысқанға айырбастап, неден мұнша адастыңдар? Күндік күніңе, өшті қасты кегіңе, әлде күншілдігіңе бола елдің айнасы - әдебиетті ұрыс керіске, боқауызға айналдырдыңдар. Келешектен ұялсаңдаршы! Күйіп кеттім ғой, шыдай алмадым ғой! Айтпайын десем де қоймадыңдар ғой, түге азып туған мұндарлар! 

Жүсіпбек Аймауытов , «Елес» деп аталытын әңгімесінен үзінді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар