Тарихшылардың арасында тәуелсіздіктен кейінгі Қазақстан тарихын бет-жүзіне қарамай жазатын бір де тарихшы жоқ.
Жастардың байырғы тарихты білгені дұрыс, бірақ санасы сәпсім лағып, миы айналып кетпес үшін 1995 жылы Конституцияның қандай жағдайда, қалай қабылданғаны, 2001 жылғы жас қазақтар шеруі, т.б. елеулі оқиғалар туралы шынайы тарихты білгені одан гөрі маңыздырақ. Тек шындықты жазбадың, қауіпсіз тақырыппен айналыстың деп тарихшыларға ренжи алмаймыз. Қауіпті тақырыптарды журналистер ғана жазады, тарихшылар енді елу жылдан кейін "тәуелсіздіктен кейінгі қазақ тарихының ақтаңдақтары" деген зерттеулерге құлшына кіріседі. Журналистердің жазғандарынан материал жинай беріңдер тарихшылар, өйткені бұл кезең туралы шынайы деректері бар архив бәрібір қалмайды:)
(Асылхан Мамашұлының фейсбуктегі парақшасынан алынды)
Пікір қалдыру