"Зұлымдық және провокациялық саясат": Палестиналықтарға қарсы шабуыл жалғасып жатыр

/image/2023/04/07/crop-14_7_705x1253_2024922.jpg

Рамазан айында Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне израильдік полиция басып кірді. Палестиналық мұсылмандарға граната, резеңке оқпен шабуыл жасалды. Шабуыл сәрсенбі күні басталды. 

Ресми дерек бойынша қақтығыс кезінде 500-ге жуық палестиналық ұсталып, 100-ден астамы зардап шеккен. Израильдік полиция қызметкерлері жарақат алған мұсылмандарға ауруханада ем алуына да рұқсат бермей отыр.

Түркия президенті Тайып Ердоған Израиль басқыншыларының әрекетін қатаң түрде сынға алды.

"Рамазан айында Израильдің Әл Ақса мешіті мен мұсылмандарға жасаған террорлық әрекетін қатаң сынға алатынымды білдіргім келеді. Мешітте құлшылық жасаған бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалды. Мұның аты – зұлымдық және провокациялық саясат. Палестиналық бауырларымыз жалғыз емес. Мұндай арамза әрекетті қатаң түрде сынға аламын және шабуылды тоқтатуға шақырамын", деді Ердоған.

Түркия президенті Палестина президенті Махмуд Аббасқа хабарласып, көңіл айтты.

Бұдан бөлек БҰҰ-ның Палестинаны басып алған территориядағы адам құқықтарының жағдайы туралы Арнайы баяндамашысы Франческа Албанезе сәрсенбіде Израильдің қауіпсіздік күштері Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінде палестиналық мұсылмандарға қарсы шабуылды айыптады. 

"Палестиналық мұсылмандар Рамазан айында құлшылық жасау үшін Әл Ақса мешітіне кірген кезде израильдік полиция негізсіз шабуыл жасады", деп жазды Албанезе. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар