Теледидарды қосып қалсаң қаптаған аңдатпа: "Ақиқатты білгің келсе "пәленше ақиқат" әлде "түгенше ақиқат" деген хабарды жіберіп алмаңыз?!" деп жар салып жатады. Заман азса, ақиқат та ойыншыққа айналады екен-ау. Әйтпесе қазіргі журналистиканың ауылынан Ақиқат ауа көшіп кеткені мұқым жұртқа аян. Сонда кімді алдаймыз?! Жалпы сенің ақиқатың менің ақиқатыма қарама-қайшы болуы мүмкін дегенді қаперден шығарып алған жоқпыз ба? Әркімнің өз шындығы бар, ал, Ақиқат жалғыз емес пе? Бұл ойыншыққа айналар Сөз емес еді... Еһ...
Серік Әбікен, Facebook парақшасынан алынды