2024 жылы кезекті президенттік мерзімге барудан басқа амалы жоқ Путиннің бұл жолғы сайлау науқаны да шизофрениялық ұрандар мен идеялардан құралмақ.
Ресейлік баспасөздің хабарлауынша, Владимир Путин қараша айында өтетін "Россия" дейтін көрме-форумда өзінің президенттік сайлауға тағы түсетінін жарияламақ.
Әлгі көрмені ұйымдастыруға 2 млрд рубль жұмсалған деседі.
Путиннің бұл сайлауалды науқанында Украинамен арадағы соғыс негізгі тақырып болмайды. Кремльдің саяси технологтары "соғыс" пен "Украина" деген сөзден барынша аулақ болуға тырысады.
Оның орнына Путин мен оның пропагандистері Ресейдің дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жоғары қоятын мемлекет екенін, сол үшін "бұзылған Батыс бізді көре алмай тісін әлі қайрап жүр", дегенді тықпаламақ.
Сөйте тұра, Владимир Путиннің өзі отбасы дегенді еш құндылық санамайды, ол – әйелімен ажырасқан, некесіз туған балалары бар, қазіргі семьясы туралы ақпарат құпияда сақталады.
Анығы сол, Путин телевизордан "елдің болашағы", "Ресейдің құндылықтары" туралы "құлақтан теуіп" жатқанда қара суықта окоптарда бүрісіп жатқан орыс әскері бұрынғыдай қырыла бермек...
Пікір қалдыру