Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасының үйлестіруімен «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
"Оған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының шектескен учаскесінде - Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге сомасында пара алды деген күдік келтіріледі", делінген ведомство хабарламасында.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Пікір қалдыру