Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл жалпы ішкі өнімнің 22,8 пайызын құрайды.
«2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңге. ЖІӨ бойынша ол 22,8 пайызды құрайды», - деді Тәкиев үкіметтің брифингінде.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік қарыздың мөлшері ЖІӨ-нің 32 пайызына жеткенге дейін шектеу бар. Сондықтан, бұл көрсеткіш әзірге қауіпсіз деп саналады дейді министр.
Пікір қалдыру