Жемқорлық пен тамыр-таныстықтың ара-жігі қандай?

/uploads/thumbnail/20170708200808828_small.jpg

Жұртшылық Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованы ұлы лауазымды қызмет атқарғаны үшін жерден алып, жерге салды... "Нұротан" тіпті жұмыстан кетуін талап етті... "Жұмыс істеуге моральдық құқығы жоқ, қуу керек мұндайларды", "тамыр-таныстыққа балта шабу керек", "бұл не сұмдық өзі әкімнің орынбасары, ал баласы білім басқармасының орынбасары, өз ұлына өзі тапсырма берген бе" деп жұлынды былайғыда ауыз ашпайтын томаға-тұйық кей "белсенділер"... Сара Нұрқатова болса, баспасөз-мәслихатын өткізіп, ұлының бұл қызметке адал жолмен келгенін айтып ақталып бақты... Расында, анасы лауазымды қызметке тағайындалғанға дейін ол жігіт жастар департаментінде басшылық қызметте, білім департаментінде қызмет еткен екен... Осы орайда, Президенттің баяғы сөзі еске түсті... "Менің де балаларым барша қазақстандық азаматтар секілді лауазымды қызмет атқаруға құқы бар..." Бұл сөзді ұмытпасам, 20 жыл бұрын айтқан-тын... Одан бері оның балалары өз құқықтарын 100%-ға орындап тастағанына бүкіл қоғам куә болды... Ендеше, тура осы мысал негізінде әңгімені одан әрі өрбітсек, балалары түрлі лауазымды қызметте отырған биліктің биік шыңындағы шенді-шекпенділердің азаматтық құқықтары ескеріледі де, аймақтық басшыларға келгенде "тамыр-таныстық" ," жең ұшынан жалғасқан жемқорлық" боп шыға ма? 

Дина Түлекова, Facebook парақшасынан алынды

Қатысты Мақалалар