Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы қаулысымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына, қаланың мектепке дейінгі ұйымдарындағы ата-ана төлемақысының мөлшеріне өзгерістер енгізілді.
Мәселен, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, қаланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналық төлемақының мөлшері:
Балабақша (мемлекеттік және жеке) – Ата-аналық төлем мөлшері-айына 25 мың теңге, бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны 53 878 теңге (бұрын мемлекеттік тапсырыс құны 52 368 теңге болған).
Балабақша (мемлекеттік балабақшалар жанындағы арнайы топтар) – бір тәрбиеленушіге мемлекеттік шығыстар-айына 97 475 теңге, ата-аналық төлем жоқ (бұрын мемлекеттік тапсырыс құны 95 369 теңге болған).
Бөбекжай (мемлекеттік бөбекжай жанындағы мектепалды топтар) – бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны-айына 23 704 теңге, ата-аналық төлем жоқ (бұрын мемлекеттік тапсырыс 22 965 теңгені құраған).
Пікір қалдыру