Қазақстанда тағы екі атом электр станциясы салынатын жерді анықтау жұмыстары басталды. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектенов "Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында" мақаласында жазды.
2019 жылдан бері электр энергиясын тұтыну 14%-ға өсіп, шамамен 120 миллиард кВт/сағатқа жетті. Ал халық санының өсуін, сондай-ақ жүргізіліп жатқан индустриялық даму және цифрландыру саясатын ескере отырып, энергия тұтыну одан әрі арта түседі деп болжанып отыр.
"Осыған орай Президент тапсырмасы бойынша ядролық энергетиканы дамыту қолға алынды. Бірінші АЭС құрылысының ауданы анықталды. Тағы екі станция салу үшін құрылыс орындарын анықтау жұмыстары басталды", - дейді Бектенов.
Пікір қалдыру