Қазақтың желсөзге құмар екенін басқалар да біліп алған. Келімбеттің бетсіз тірлігі бүйірден оңбай тиіп, Киев жаққа елеңдеп тұрғандарға "Лимонов" деп сыбыр ете қалып еді соған тап берді. Қазақ жеріне басып кірмек болып қару жинағаны үшін 12 жыл бұрын сотталып, түрмеден "тесіліп" шыққан Эдуардты қазір Ресейде ешкім адам құрлы көрмейді. Эдбикеге дені дұрыс еркектер ермейді. Бірақ, осы Қазақстанда кезінде Лимоновпен дос болған, ізбасар болған адамдар баршылық...