Советқазы Нұрсила.Әбіш, Мырзатай, Олжас , Несіпбектер қайда?

/uploads/thumbnail/20170708151342599_small.jpg
"МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚ" МӘРТЕБЕСІ немесе МАЛ ЖАННАН АРТЫҚ ПА? Қазақ халықына ғана емес, бүкіл Азияны мекендеген халықтардың ар -намысына тиетін сөз айтылғанда, бірінші болып елдің "ЗИЯЛЫЛАРЫ" бас көтеруі заңды. Өзбек, қырғыз, түрікмен мен әзірбайжан зиялылары өз пікірлерін айтып тастады. Бізде ше? Әншейінде теледидардан түспейтін, Әбіш, Мырзатай, Олжас , Несіпбек тектес ағаларыңыз қайда, Достар! Ауылда жатқан ағайын мен Фейсбуктегі азаматтардың үні ғана шықты... Отанды сүю, атақпен өлшенбейді -ау деген ойға қалып отырмын. Расында, жоғарыдағы азаматтар бір ауыз сөз айтса, ешкім иығындағы басын жұлып әкетпейді ғой. Әлде, құлдық сананың салдары ма, болмаса, "САРАЙ САНДУҒАШТАРЫ" жаннан гөрі малды артық көреді ме? - деген ой қылаң береді. Тізерлеп өмір сүргеннен, түрегеп өлген артық, - дег ен екен бабаларымыз. Енді, жоғарыдағы пенделер халықтың қамын жеген сөздерін қалай айтады екен?!!!

Қатысты Мақалалар