Кедендік Одақ президенттері телефон арқылы сөйлесіп, "Қырым мен елдің шығыс аймақтарындағы орыс тілділердің өмірі мен заңды мүддесіне төнген қауіп мәселесіне" "алаңдап" жатыр. СҰРАҚ: Украинадағы жағдайға байланысты Парламент депутаттарының неге үні шықпайды? ЖАУАП нұсқалары: 1.Біздің депутаттарды Украинадан гөрі "еліміздегі орыс тілділердің өмірі мен заңды мүддесіне төнген қауіп мәселесі" көбірек алаңдатады. 2.Біздің депутаттар Украиндықтарды іштей қолдайды. Бірақ, оны ашық білдіруге ФСБ-ден қорқады. 3.Біздің депутаттар Ресейді іштей қолдайды. Бірақ, оны ашық айтуға ФБ-тен жасқанады. 4.Біздің депутаттар Ресей Думасына мүше болу мәселесімен басын қатырып жатыр. 5.Біздің депутаттар оқиғаға қатты "переживать" етіп, іш аурумен жаппай сырқаттанып жатыр. 6.Біздің депутатар газет оқымайды, теледидар көрмейді, интернет қарамайды. 7.Біздің депутаттардың бәрі - "Единая Россия" партиясының жасырын мүшесі. ЕСКЕРТУ: Шын мәнінде олай емес. Мұның бәрі ауыл шопырдың сандырағы ғана. Депутаттардың "тамағы ісіп кеткендіктен", дауыстары шықпай жатыр.