Назерке Жұмабай: Мысықтілеу Мирзоянға берілген даладай даңғылды иеленер батыр қалмады ма?

/uploads/thumbnail/20170708151343107_small.jpg

jhПАРАДОКС! Қазақтың қаймақтарын қынадай қырған мысықтілеу Мирзоянға берілген даладай даңғылды иеленер батыр қалмады ма біздің елде? Әлде бәрін жарылқап біттік пе?..  «Қаланың бір қуысында бар-жоғы беймәлім, жетім баланың күйін кешіп тұрған әз Әлиханның не жазығы бар еді? «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деген ағалар сөзін ұран етіп, халқына қатқысыз қызмет қылған қазақтың Қанышын қалайша ұмыттық?» Ойды ой жалғап, осылай кете береді, кете береді... ...Әр кеште үйге қайтып келе жатып Батыр Бауыржан даңғылын кесіп өтіп, Мирзоян көшесіндегі жатақханама бағыт алғанда, бірінен екіншісінің ешбір өзгешелігі жоқ осы бір ой күн сайын айна-қатесіз көкірегіме кептеледі. Бауыржандай батырлар мұра еткен қаһармандық қорқаулықтың көлеңкесінде көлегейленіп қалғандай... Бір кем дүние!

Қатысты Мақалалар