Қазақтың тарих пен тілден басқа досы жоқ

/uploads/thumbnail/20170708151354185_small.jpg

Баяғыда орыс патшасы Александр ІІІ : "Ресейдің армия мен флоттан басқа досы жоқ", - деген екен. Мен қазақтың тарих пен тілден басқа досы жоқ дер едім. Қаншама қиындық болса да, оларға қарсы қаншама қитұрқы жұмыс жасалса да, сатқындық жасалса да, қиянат болса да, қазаққа тапжылмай адал қызмет еткен, оны ұлт ретінде сақтап қалған, үзіліп қалған мемлекеттігін қайта жаңғыртқан екі күш бар - қазақ тілі мен қазақ тарихы. Тілді білген адам қашан да тарихқа тереңдейді. Тарихын терең түсінген адам тілін де білуге мәжбүр. Ендігі мақсат: қазақты дамытар, алдыға сүйрер даңғыл жолын тауып, танып, айқындап, оны тіл және тарихпен табыстыру қажет.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар