1 сәуір министрлер мен депутаттар күні болсын

/uploads/thumbnail/20170708232349106_small.jpg

Меніңше, біздегі кәсіби мереке күнтізбесінде бір өрескел қателік бар: министрлер күні мен депутаттар күні жоқ (23 маусымдағы мемқызметшілер күні саналмайды, мен тоңып секірген қарапайым шенеуніктер мен тойып секірген министрлер арасындағы айырмашылықты жақсы білемін).
1 сәуірді басыбайлы министрлер мен депутаттарға беру керек!
Өйткені, олардың өтірік ақпарат беріп, сөйлегені де, айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарып, атқарғаны - бәрі, бәрі - күлкіден басқа ешқандай сезім туғызбайды.
Оның үстіне бізде қоғамдық саяси сатира жанры да өлген, бар "юмор" төсек пен құдағи арасындағы қатынастарды қамтиды. Отбасы, ошақбасылық юморсымақ отандық деңгейге жете алмай жатыр. Қоғамдағы оқиғаларға күлкі мен әжуа сынды құрал арқылы баға беретін памфлеттер оқымағалы қанша!
Сондықтан да Күлкі күні ретіндегі кәсіби мереке солардыкі, яғни, өздері де бізге, қоғамға іштей күліп жүрген дөкейлердікі болу керек! Сөйтіп, бір-бірімізге күліп жүрейік!

Тек менің бұл ұсынысымды күліп қабыл алмасаңыздар болды...

PS. Кей кезде олардың тірлігіне қарап, жылағың да келеді. Бірақ ондай күн тағайындамай-ақ қоялық. Әйтеуір, осы күлкінің арты жақсы болсын!

Әміржан Қосановтың «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды

Қатысты Мақалалар