Айтыскер ақын Ринат Зайытов жер сатуға наразылық білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ақынның жер сатуға қарсы бастама көтеріп жүрген "Алаш жолы" қозғалысын қолдайтыны туралы видео әлеуметтік желілерде жариялануда.
Онда Ринат Зайытов: "Ел тағдыры, жер тағдыры шешілетін мәселеде "Алаш жолы" қозғалысын қолдаймын", - дей келе сөзін:
-Қатар ұлтпыз бағымыз бен сорымыз,
Көп жеңіске жетпесе де қолымыз.
"Алаш жолы" - азаттықтың жолы бұл
"Алаш жолы" - бәріміздің жолымыз, - деген өлең шуамақтарымен жалғайды.