Қытайдың әлеуметтік желілерінің бірінде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлерінен қашып бара жатқан видеосы жарияланды.
Оқиға Шаңша әуежайында болғаны белгілі болды, ол әдеттегідей өзінің кезекті түсіріліміне барған екен. Әуежайда Димаштың келуін тағатсыздана күтіп тұрған қытайлық жанкүйерлері оны көре сала шулап жүгіре бастаған. Қытай қыздарының көптігінен сасып қалған қазақстандық әнші қаша жөнелгенімен, жанкүйерлерінен алысқа қашып құтыла алмады. Кейіннен жымиды да, қытайлық жанкүйерлерімен суретке түскен.
Желіде таралған видеоны көрген интернет қолданушылары аталмыш жайтқа қатысты түрліше пікірлер білдіруде:
"Мыналар қайтер екен-ей! Соңынан шырақ алып түсіпті ғой біздің Димаштың!
Баяғыда Майкл Джексонға фанаттары осылай бас ұрып, жылап еңіреп жатқанын көріп едім. Біздің Димаш түбі әлемді аузына қаратқан жұлдыз болайын, деп тұр. Тіл көзден сақтасын!
Оның денсаулығына кесіріміз тимесін! Мәдениетті болайық», «Фотоға түсіргенде, телефонның жарығын өшіріңіздерші, Димаштың көзіне әсер етеді"
Пікір қалдыру