Қаңғыбас ит туған анасы тастап кеткен баланы құтқарып алады. Бұл жолғы оқиға Аргентинада, Виррей-дель-Пино қаласында болды.
33 жастағы әйел бір айлық баласын далада тастап кеткен.
Түнде ауа температурасы 0 градустан төмендейді, сондықтан кішкентай нәресте тоңып, шетінеп кетуі мүмкін еді.
Бақытына орай баланы тастап кеткен жерде қаңғыбас ит жүрген екен. Жергілікті тұрғындар оны Пути деп атап кеткен.
Пути өзінің күшіктерімен бірге баланы түні бойы жылытып, баланы аман алып қалады.
Таңертең жылаған баланың даусын естіген тұрғындар байқап қалып, оны дереу ауруханаға жеткізеді. Баланың өміріне ешқандай қауіп төнбеген екен.
Тасжүрек «ананы» полиция тұтқынға алды.
Ал, ит екеш иттің өзі тірі жанға мейірім төгеді. Қатыгез, тас бауыр "аналар" қайда кетіп барады?!
Пікір қалдыру