Елбасы: Анам тірі болғанда оны қатты жақсы көретінімді айтар едім (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709223059703_small.jpg

Ақорданың баспасөз қызметі Нұрсұлтан Әбішұлының 15 жыл бұрын Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сөйлеген сөздерін жариялады деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Елбасының эмоцияға толы видеосын көре отырып, сезімге ерік бермеу қиын.

«Аналар өз балаларынан кез келген әйел сияқты әр уақытта да жылы сөздер күтетін болар. Әсіресе аналар мұны қатты күтетіндей. Қазір уақыт өткеннен кейін, ержеткен соң барлығымызда да аналарымызға уақытымызды аз бөлгеніміз үшін кейістік танытып жатамыз. Жылы сөздерді аз айттық дейміз. «Анашым, мен сені жақсы көремін!», деп аз айттық. Оның қасында ұзақ бола алмағаныма өкінемін. Оның мені қалай өте жақсы көргенін білетінмін. Оның осынау сүйіспеншілігі мені өмірде әлі күнге дейін қолдап келеді. Тіпті, маңызды шешімдер қабылдар кезде де ол түсіме кіреді. Бірден айтайын, мен дәруіш емеспін, ешқандай балгерге де, экстрасенс пен жұлдызшыға да сенбеймін. Алайда, ол менің түсіме еніп: «Сенімді бол, бәрі де жақсы болады!» дейтін. Қазір ол тірі болғанда мен оған арнаған хатымда өте қатты жақсы көретінімді және оны қадірлейтіндігімді жазар едім», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

/

Қатысты Мақалалар