Италияның оңтүстігінде бір апта бұрын басталған орман өрті ырық берер емес. Лаулаған қызыл жалыннан Везувий жанартауы оянып, түтіндеп жатқандай көрінеді. Бастапқыда жергілікті тұрғындар Везувий жанартауы атқылап жатыр деп ойлаған, бірақ өртеніп жатқан тау етегіндегі орман болып шықты. Апат аймағындағы елді мекендерден тұрғындар мен саяхатшыларды қауіпсіз жерге көшіру басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік телеарнаның мәліметіне сүйеніп.
Тілсіз жаумен күресуге ұшақтар пайдаланылып жатыр. Алайда өртті ауыздықтауға ауа райының ыстық болуы кедергі болып тұр. Полиция отты қасақана қойған деп күдіктеніп отыр.
Пікір қалдыру