Желіде Ингушетияда Ростов-Баку трассасында болған көлік апатында ер адамның жасаған әрекеті түскен видео пайда болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Волга» мен ВАЗ көліктері соқтығысып нәтижесінде жеңіл көлік өртке оранған. Видеодан көлік ішіндегі жолаушылар қысылып сыртқа шыға алмай қалғанын көруге болады. Есік бұғатталып қалып ашылмай қалған. Көмекке келген адамдар ұзақ бойы есіктерді аша алмайды. Алайда, төнген қауіпке қарамастан олар жолаушыларды құтқарып қалған.
Пікір қалдыру