Түркияда Польшадан келе жатқан туристерді тасымалдаушы автобус жүк көлігімен соқтығысты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Апат кезінде автобуста 12 адам болған.
Келеңсіз жағдай салдарынан 17 жастағы жігіт көз жұмды. Тағы 12 адам жарақат алған. Жүк көлігінің жүргізушісі еш жарақат алмаған және жүргізушіні құқық қорғаушылар құрықтаған.