ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен ҚР-ның Мәскеуде консулы болып Ақатаев Бауыржан Рымқанұлы тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
Бұған дейін ол ҚР СІМ консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды.
Бауыржан Ақатаев Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің түлегі.
2002 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде еңбек етуде. Әр жылдары ҚР СІМ мемлекеттік қызмет протоколы, консулдық қызмет департаменті, ҚР Тәжікстандағы елшілігінде де еңбек етті.
Пікір қалдыру