Сағыныш Сабыржанқызы Намазшамова – 1978 жылы Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қосағаш ауылында туған. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1999 жылы осы факультеттің магистратурасын бітірген. Қазір Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінде бас маман. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері. 2007 жылы «Арыс» баспасынан «Бақыттың бағасы», 2009 жылы «Төрт бөрі» баспасынан «Сағыныш» атты жыр жинақтары жарық көрді.
