Пашинянның жақтаушылары қайта шеруге шықты

/uploads/thumbnail/20180502134018161_small.jpg

Армения астанасы Ереванда және елдің өзге қалаларында оппозиция лидері Никол Пашинянның жақтаушылары бүгін шеруді қайта жандандырды. Бұл туралы жергілікті Азатутюн басылымы хабарлады.

1 мамырда парламентте Армения Республикалық партиясы Никол Пашинянның үміткерлігіне қарсы дауыс берген. Нәтижесінде оппозиция лидері премьер-министрлікке сайлана алмады.

Таңға жуық жақтаушылар тобы Звартонц әуежайына өтетін жолды жапты. Бұған қоса темір жолдар, аудандарды байланыстыратын трассалар да жабылды. Шеруге шыққандардың дені студенттер.

Айта кетейік, жалпы 53 дауыс жинау керек болған Пашинянға 45 адам дауыс берді. Конституцияға сәйкес, жеті күннен соң премьер-министрді жаңадан сайлау шарасы өтеді. Екінші турда үміткерлерді жеке фракция емес, депутаттардың жалпы санының үштен бір бөлігі таңдайды.

Қатысты Мақалалар