Иранда Мәжіліс парламентінің депутаттары АҚШ-тың туын өртеді. Ту қағаздан жасалған. Ирандықтардың бұл әрекетіне АҚШ президенті Дональд Трамптың «Америка ядролық келісімнен шығады» деген мәлімдемесі себеп болған.
Бұған қоса депутаттар «Америка жойылсын!» деген үндеулерін айтты.
Reuters агенттігінің дерегіне сүйенсек, мәжіліс өкілі Әли Ларижани америкалық басшының шешімін «дипломатиялық шоу» деп атады. Вашингтонның ядролық келісімнен шыққанын өзіне де, бүкіл әлемге де қауіп төндіреді деп есептейді Әли Ларижани.
Бұған дейін Иран Дональд Трамптың АҚШ-тың Тегеранмен Иран ядролық бағдарламасын дамыту келісімінен шыққанын «тарихи қателік» деп атаған.
Иран президенті Хасан Роуханидің мәлімдеуінше, АҚШ келісімнің жалғыз мүшесі емес, сол себепті Иран Тегеранмен бірге келісімге отырған қалған алты державаның ұстанымын күткен жөн деп шешкен.
Айта кетейік, 8 мамырда Дональд Трамп АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі бірлескен жоспарынан шығатынын хабарлаған.
«Келісім Иранға өзінің ядролық бағдарламасын кеңейтуге ғана жол ашты. Ол келісімде маңыз жоқ. Иранның уәдесі өтірік екенін біз дәлелдей аламыз. Бұл бейбітшілік әкелмеген біржаққты келісім болды. Ол ешқашан бейбітшілік әкелмейді. Мен бұл келісімнің қалуына жол берсем, онда ол бүкіл Таяу Шығыста ядролық қарулану жарысына алып келеді. Мен АҚШ-тың ядролық келісімнен шыққанын жариялаймын», - деген еді Трамп.
Пікір қалдыру