Арменияның жаңа премьер-министрі Никол Пашинян 9 мамырдағы Жеңіс күні мерекесін 8 мамырға ауыстырып, Аза тұту және бітісу күні деп атауға жарлық шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Армения соңғы рет совет режимі таңған Жеңіс күнін тойлады. Ол біздің соғысымыз болмаса да, жүздеген мың армян Сталиннің имперлік мүддесі үшін қаза тапты», — деді ол заң жобасы туралы сөзінде.
Пашинянның айтуынша, Жеңіс күнін 8 мамырға ауыстыру арқылы Армения Еуроодақ елдерімен жақындасып, «Еуропа халықтарының бірлігіне қарай тағы бір қадам жасайды».
«Капитуляцияға 8 мамырда қол қойылды. Күллі Еуропа, бүкіл әлем жеңіс күнін 8 мамырда атап өтеді. Енді Армения да солармен бірге», — деді Пашинян.
Пікір қалдыру