АҚШ Қытай азаматтарына арналған визалық режімнің талаптарын күшейтті

/uploads/thumbnail/20180530140036357_small.jpg

АҚШ Қытай азаматтарына арналған визалық режімнің талаптарын күшейтті. АҚШ тарапы қытайлықтарға берген визаның жарамдылығын кез келген уақытта шектеуге құқылы. Бұл үрдіс 11 маусымнан бастап күшіне енбек.

«11 маусымнан бастап визаға өтініш берген қытайлықтарға қатысты қауіпсіздікті күшейту шараларын енгіземіз. Қытай азаматтарына берілген визалар ең ұзақ мерзімге берілген. Консулдық қызмет кез келген жағдайға байланысты визаның уақытын шектей алады», - деді мемлекеттік департамент өкілі.

Агенттіктің дерегіне сүйенсек, бұл шара ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында атқарылып жатыр. Ал визаны беру процедурасы өзгерген жоқ.

Мамырдың ортасында Вашингтонда АҚШ және Қытай сауда делегацияларының арасында консультация өткен. Тараптар зияткерлік меншікті қорғауға үлкен мән берді. Қытай тарапы да өз заңнамаларына  тиісті өзгерістерді енгізуді жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар