Трамп: Ким Чен Ынмен жоспарланған кездесу міндетті түрде болады

/uploads/thumbnail/20180602111757470_small.jpg

Дональд Трамп Ким Чен Ынмен 12 маусымға жоспарланға кездесудің қалай да болатынын мәлімдеді. Бұл жайлы ол Ақ үйдегі КХДР өкілдерімен өткізген келіссөздерінен кейін айтқан.

Бұған қоса, АҚШ президенті Солтүстік Кореяның ядролық қарудан түбегейлі бас тартуды ниет еткенін, алайда Пхеньян мұны мақұлдамай отырғанын мәлім етті.

Солтүстік Корея елшісі генерал Ким Ен Чол Трампқа Солтүстік Корея басшының хатын табыстады. Трамп хаттың қызықты болғанын мәлімдеп, мазмұнымен бөлісетінін айтқан. Алайда хат сол күйі оқылмаған.

Президенттің көмекшісі Дэн Скавино Дональд Трамптың хат алып тұрған сәтінен фотолар жариялады.

Дональд Трамп Солтсүтік Корея

Трамп Солтүстік Кореяға қарсы санкциялардан бас тартатын күнді тағатсыздана күтіп отырған көрінеді, бірақ әзірге ол мемлекетке қарсы жаңа жүздеген санкциялар енгізуге дайын.

«Меніңше, бәрі сәтті өтеді. Олар – керемет жандар. Нәтижесінің табысты болатынына сенімдімін. 12 маусымда кездесерміз, сол кезде бәрі анықталады», - деді президент Сотүстік Корея делегациясымен кездескеннен кейін.

Трамп 12 маусымға жоспарланып, кейін жоспардан алынған кездесудің қалай да болатынын мәлімдеді. Бұл тарихи саммит болсақ, себебі Америка басшысы мен Солтүстік Корея алғаш рет жеке кездеседі.

Қатысты Мақалалар