Германия президенті гомосексуалдардан кешірім сұрады

/uploads/thumbnail/20180605093944509_small.jpg

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер гомосексуалдарды қудалағандардың  атынан кешірім сұрады. Германияда гомосексуалдар 1930 жылдары қуғынға ұшыраса, соңғы он жылдықта сол жағдай еш өзгерген емес. Бұл жайында Deutsche Welle басылымы жазды.

3 маусымда Берлинде гомосексуалдарға арналып ашылған мүсіннің он жылдығына арнайы іс-шара өтті. Ол мүсін Ұлттық социализм кезінде қудаланған гомосексуалдарға арналып орнатылған. Саясаткер жыныстық азшылық өкілдерінен «барлық азаптар,  әділетсіздіктер мен кейінгі ұзақ үнсіздік үшін» кешірім сұрағанын айтты.

Штайнтердің айтуынша, ұлттық социализм тұсында он мыңдаған гомосексуалдардың жеке өмірі, сезімі мен ары «ең пәрменді түрде зорлық-зомбылыққа, қорлыққа ұшырады». «Олар азапталып, түрмеге және концлагерлерге жіберілді (...) Он мыңдаған адам өлтірілді», - деп түсіндірді ол.

Саясаттанушының айтуынша, Үшінші рейхтен кейін - ГДР мен Германия Федеративтік Республикасы – гомосексуалдарды тұтқындап, соттап, түрмеге қамаған.

Қатысты Мақалалар